Жаңалықтар

Nur Otan: Ақтөбе қауіпсіз  қалаға айналады

Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Жанна Омарова қаладағы кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен zoom платформасында онлайн кездесу өткізді. Ол әуелі Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарына тоқталды.

— Бұл сайлау — біздің қаламызда тұрып жатқан әр азамат үшін маңызды.

Сайлауға қатысып, Nur Otan партиясына дауыс беруге барлығыңызды шақырамын. Әрине, әркімнің өз таңдауы бар. Дегенмен барлығын түсіндіріп, бағдарламаны насихаттау міндетіміз. Ертеңін ойлаған әр адам біздің партияны қолдайды деп үміттенемін. Бүгінгі кездесу барысында қалалық сайлауалды бағдарламаның басты жеті басымдығы бар екенін айтқым келеді. Жеті басымдықтың ішінде білім, медицина, экономика секілді барлық сала қамтылған. Жеті бағыттың соңғы саласы қауіпсіз қалаға арналады. Бес жыл ішінде қаламызда  бір мыңнан астам бейнекамера орнатылып, қылмыстың деңгейін қазіргіден қарағанда екі немесе үш есе азайтуға мүмкіндік береміз, — деді ол. «Қоғамдық тәртіп пен қала қауіпсіздігіне мән береміз» деген Жанна Омарова қала көшелері жарықтандырылып, құтты мекеніміздің одан әрі көркейе беретінін де жеткізді.

2025 жылы Ақтөбе қаласы полиция басқармасының Алматы ауданы бойынша №4 полиция бөлімінің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталады. Қала көшелерінің қиылыстарында және жаяу жүргіншілер өткелдерінде жыл сайын 12 жаңа бағдаршам объектілері орнатылады. 2021 жылы диспетчерлік орталық құруға және қалалық жол қозғалысы басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге жәрдемдесеміз. Ақтөбе қаласының табысты дамуының кепілі — проблемаларды шешу — басты парызымыз. Nur Otan партиясы 2025 жылға қарай білім беру, тұрғын үй, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 100 пайызға жеткізетін болады. Қала тұрғындарын тұрғылықты жері бойынша білім беру мекемелеріне оқуға тарту арқылы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ ақпараттық жүйе және мобильді қосымша базасында «109» сall-орталығының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін болады, — деді Жанна Омарова.

Кәсіподақ ұйымдарының мүшелері онлайн кездесуде сайлауалды бағдарламаны түсіндірген кандидатқа сұрақтарын қойып, алдағы сайлауға сәттілік тіледі.

Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық Сайлау қорынан төленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button