Әлеумет

Зейнетақыны уақытында рәсімдеп үлгеріңіз

Еліміздің барлық азаматын қандай да бір жаста мемлекеттен зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері қызықтырады: зейнетке қалай шығу керек, тиесілі зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қалай есептеу керек және тұтастай алғанда, зейнетақымен қамсыздандыру бойынша азаматтарға қандай мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Біздің елде зейнетақымен қамсыздандыру 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Зейнетақы — мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.

Егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

Зейнетке ер-азаматтар  63 жаста, әйелдер 59,5 жаста шыға алады. «Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айдан арттырылады. Осыған байланысты, 1961 жылдың 1 қаңтары мен 1961 жылдың 30 маусымы аралығында туған әйелдер 59,5 жасында зейнетақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін тиісті құжаттары мен өтініштерін тапсырулары қажет. Егер зейнетақы тағайындауға кажетті құжаттары мен өтініштерін биыл тапсырып үлгермесе, 2021 жылы 60 жасында зейнетақы тағайындалатын болады.

Зейнетақы тағайындау үшін қажетті құжаттар мен өтініштерді Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері 1961 жылдың 1 қаңтары мен 1961 жылдың 30 маусымы аралығында туған әйелдерден 59,5 жасына 9 күн қалғанда қабылдайтындығын ескертеміз. Мысалы: әйел адамның туған күні 30.06.2020 ж. болса, оның 59,5 жасқа толатын күні — 30.12.2020 жыл, ол өзінің 59,5 жасынан 9 күн бұрын, яғни 21 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсанға дейінгі аралықта зейнетақы тағайындауға қажетті құжаттары мен өтініштерін тапсыра алады.

Мемлекеттік корпорация өз құқықтарыңызды уақтылы пайдаланып қалуларыңызды ескертеді.

К.АЛИКОВА,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ақтөбе қалалық №1 бөлімінің басшысы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button