Ауыл

Ащысайда енді мобильді байланыс бар

Ащысай ауылдық округіне қарасты бірқатар ауылдар енді kcell операторы ұсынатын байланысқа қосылмақ. Осы уақытқа дейін ауыл тұрғындарын мазалап жүрген өзекті мәселенің бірі ұялы байланыстың жоқтығы еді.

Байланыс желісін орнату мақсатында Ащысай ауылына 22 метрлік мұнара (вышка) орнатылып, мобильді байланыстың 3G желісі пайда болды.

Ащысай ауылында орналасқан бұл мұнараны орнату жұмыстарына округке қарасты қожалық иелері мен ауылдың белсенді жастары демеушілік көрсетті.

Бүгінгі таңда округке қарасты Сабындыкөл ауылына да биік мұнара тұрғызылып, байланыс желісін жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жандос АБАЙҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button