Денсаулық

Эпидемиологиялық жағдай тұрақты

1 желтоқсан күні коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас тіркелген жоқ.

Бірақ 30 қарашада індетке шалдыққан төрт адам тіркелді. Оның үшеуі Ақтөбе қаласынан болса, бір адам Мәртөк ауданынан тіркеліп отыр. Аурушаңдықтың өсу  деңгейі — 0,1%.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3488 адам тіркелді, оның 49%-ы ауру белгілерімен (1702) және 51%-ы симптомсыз (1786) жағдай. 3320 науқас жазылып шықты. Ақтөбе қаласында 2479 адам ауырса, Әйтеке би — 21, Алға — 97, Байғанин — 57, Ырғыз — 54, Қобда — 14, Қарғалы — 57, Мәртөк — 87, Мұғалжар — 173, Темір — 190, Ойыл — 21, Хромтау — 125, Шалқар ауданында 113 адам вирус жұқтырған.

Жалпы тіркелген 3488  науқастың 3,3%-ы сырттан келген. 494 науқас ауру адаммен байланыста болған. Профилактикалық мақсатта тексерілгендердің саны — 995. Қазіргі таңда үй карантиніне 246 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button