Басты бет » Жаңалықтар » Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
27.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 6 жағдай тіркелді, оның 4-інің клиникалық симптомдары бар, ал 2-і – симптомсыз ауру. Олардың барлығы да Ақтөбе қаласынан (жергілікті жағдайлар, оның ішінде ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар 2). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,2% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3480 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1697) және 51%-ы симптомсыз (1783) жағдай. 3317 (95,3%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2473 жағдай, оның ішінде (1109 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 97 (77), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 57 (34), Мәртөк – 86 (47), Мұғалжар – 172 (124), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 125(67), Шалқар ауданы – 113 (64).
Жалпы тіркелген 3480 науқастың 3,3% (118) сырттан әкелінген, 14,1% (491) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,5% (2871) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,5% (992) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 298 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.