Мәдениет

«Әлия рухын асқақтатқан…»

Құрмет

 Осындай атаумен Шалқар аудандық Сары Батақұлы  атындағы   мәдениет  үйінде  «Қос Шынар» қоғамдық  қорының төрағасы  Ғалымжан Байдербеспен кездесу кеші өтті.  «Ерліктің шырақшысы» деп атап кеткен облыстың құрметті азаматының 85 жасқа толуына арналған шара ақын Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған, композитор Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» әнімен басталды. Аудан өнерпазы Мереке Кенжеғұлов әнді нақышына  келтіріп орындады.

Аудан әкімі Жанболат Жидеханов бүкіл саналы ғұмырын батыр қызды зерттеуге арнаған ақсақалды мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты. Ғалымжан Байдербес аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, бірлестіктің медалін табыс етті. Аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымына, Мәдениет үйіне естелікке «Ржевте ерлік даңқы қайта жаңғырады» кітабын сыйға тартты. Шара барысында Ақтөбе қаласындағы  «Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық  клубының төрағасы Марат Қойлыбаев пен  «Қос аққу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қуаныш  Мырза облыстың құрметті азаматы туралы жылы лебіздерін білдірді. Аудандағы  білім  саласының ардагері Нұрлан Мысырұлы  Әлия мен  Мәншүктің   рухын мәңгілікке тірілткен Ғ.Байдербестің  еңбегі жас ұрпаққа үлгі екенін айтты. Жиын соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

 А.ӨТЕПОВА,

Шалқар аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітапханашысы.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button