Әлеумет

Жан жылуы

Акция

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Jastarga qyzmet» жобасы аясында жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды ұлықтау және сақтау мақсатында орталық көшелерде «Жан жылуы» қайырымдылық акциясы өтті.

Акция барысында жастар қаланың тазалық жұмыстарымен айналысатын коммуналдық сала қызметкерлеріне ыстық шай мен тоқаштар таратып, жан жылуын сыйлады.

— Соңғы күндері қалада толассыз жауған қар көшелерді басып қалды. Таңғы 4-5-те тұрып, күнделікті жұмысқа барар жолымызды тазартып, қар аршып жатқан қызметкерлердің еңбегі зор.  Бүгінгі шарада жастар арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыруды, еңбек адамының мәртебесін насихаттауды мақсат еттік, — дейді қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Жомарт Болысбайұлы.

Акцияға жастар ресурстық орталығының өкілдері, сондай-ақ қаладағы №45 орта мектеп пен гуманитарлық колледж еріктілері қатысты. Олар өз қолымен тәттілер әзірлеп, термосқа ыстық шай құйып алып шыққан. Игі істі қолға алған белсенділерге коммуналдық сала мамандары да өз ризашылықтарын білдірді.  Қайырымдылық шарасы жалғасын табатын болады.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button