Экономика

Өсім бар, көрсеткіш қалыпты

Бүгінгі күні облыста Мемлекет басшысының биылғы Жолдауда айтылған экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатындаберген тапсырмаларыойдағыдай жүзеге асырылуда.

Биылғы жылы өңірде пандемия мен шектеу шараларына  қарамастан, барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қарқынды өсімі қамтамасыз етілген.

Атап айтсақ,биыл кезіккен қиындықтарға қарамастан өндіріс саласында 100,1 пайызға өсім бар. Сондай-ақ құрылыс саласындағы өсім мөлшері — 116,4 пайыз. Ал тұрғын үй құрылысы бойынша өсім 103,6 пайыз болса, ауыл шаруашылығы саласының көрсеткіші  — 104,1 пайыз. Инвестиция саласында да 108,8 пайызға өсім байқалады.

Жыл басынан бері облыс экономикасына ​ 410 миллиард теңге инвестиция тартылған, оның 19,5 пайызы — шетелдік инвестиция.

Бүгінде өңірде жалпы құны 140,2 миллиард теңгеге 1​200 жұмыс орнын ашатын 26 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде құны 54,5 миллиард теңге болатын 7 жоба пайдалануға беріліп, 330 жұмыс орны құрылған. Олардың қатарында «ARM wind» серіктестігінің «Бадамша-1» жел электр стансасының, ​ «Көктас Ақтөбе» акционерлік қоғамының құрылыс материалдары мен силикат кірпіш өндіретін зауытының, сондай-ақ «Alina Holding» серіктестігінің қатты-ұнтақ толтырғыш шығаратын цехының, «Milker» серіктестігінің құрама жем зауытының және басқа да жобалардың құрылысы бар. Аймаққа инвестиция тарту жұмысы келер жылы да жалғасады. Жалпы мөлшері 150 миллиард теңгеге 18 жоба жүзеге асырылып,  2200 жұмыс орны ашылмақ.

Сондай-ақ биыл облыста «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 8,4 миллиард теңгеге 100 жоба, «Еңбек» бағдарламасы аясында тағы 811 жоба мақұлданған. Ал келер жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсетілген жобалардың жалпы саны 1,5 мыңға дейін артпақ.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button