Жаңалықтар

Мешіт қызметкерлері марапатталды

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. 

Жуырда ҚМДБ-ның біздің облыстағы өкілдігі осы мерейтойлық жылды қорытындылап, жиын өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары М.Шермағанбет, облыстық дін істері басқармасының басшысы Ә.Тұралиев, облыстың бас имамы Т.Оспан қатысты.

Облыс әкімі Мейрамбек Шермағанбет өзінің сөзінде індетке байланысты шектеулер кезінде қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырып, халыққа рухани қолдау көрсеткені үшін өңір имамдарына алғысын жеткізді.

Сонымен бірге жиында ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай, үздік имамдар мен дін қызметкерлері марапатталды. Олардың қатарында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Шынболат Үмбетов, қалалық орталық мешіттің баспасөз хатшысы Гүлсамал Аймаханова, «Досжан хазірет» мешітінің ұстазы Ақжарқын Жілісбаева, т.б. бар.

Мешіт қызметкерлері пандемия кезіндегі қиындықтарға қарамастан, елімізде діни тұрақтылықты сақтау, имандылықты насихаттау және қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жолындағы жұмыстарын белсенді түрде жалғастыра беретіндерін жеткізді.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button