Жаңалықтар

Басты мәселе — экологиялық талап

Кеңес ҚАНАТБАЕВ, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

— Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Бестамақ ауылындағы «Парижская коммуна — ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі шошқа фермасындағы жағдайға байланысты халықтың өтініш-тілегіне бейжай қараған жоқ. Дереу тапсырма беріп, мәселенің анық-қанығын зерттеу, сараптау мақсатында бастамашыл топтан комиссия құрылды.

Мен сол комиссияның мүшелерінің бірімін. Қазір бәрі заң аясында тексеріліп жатыр. Бұл мәселе өңір әкімінің тікелей бақылауында тұр. Аймақ басшысы бастамашыл топ мүшелерін қабылдап, мәселелер талқыланғаны баршаға мәлім. Ортақ бір мәмілеге келдік. Шошқа фермасына қатысты екі мәселе бар. Қоршаған ортаға келтірген зиянды заттарды залалсыздандыру, өтемақы төлеттіру. Бұл — бір. Екіншісі, халықтың пікірін ескеріп, теріс қорытындының негізінде «Парижская коммуна — ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне  шаруашылықтың бағытын өзгерту немесе мүлдем тоқтату туралы талап қойылмақ. Бұл — өте дұрыс шешім. Мұнда кәсіпкердің кәсібіне қысым көрсету, ұлтаралық мәселе жоқ. Экологиялық заңнамалар өрескел бұзылып отыр. Елдегі кез келген мәселе заң аясында шешілуі тиіс. Комиссия қорытындысына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button