Жаңалықтар

Күзгі жәрмеңкелер

Бүгінде Шалқар қаласында 62 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде 9 шаруа қожалық бау-бақша егумен және 53-і мал шаруашылығымен айналысады.

Шалқар қаласының әкімі Тұрлан Төлегеновтің айтуынша, қазіргі таңда 24600 тонна мал азығының қоры дайындалды. Шалқар қаласы бойынша жеке тұрғындарда 2591 мүйізді ірі қара, 2855 қой-ешкі, 59 жылқы және 176 түйе бар. Шалқар қаласына қарасты шаруа қожалықтарында 2368 мүйізді ірі қара тіркелген.

  • Жаз айларында бау-бақша егумен айналысатын шаруа қожалықтары 63,6 гектар жерге бау-бақша ексе, жеке кәсіпкерлерге 35,5 гектар жерге уақытша жер беру арқылы бау-бақша егу жұмыстары жүргізілді. Азық-түлік және көкөніс сатумен айналысатын көтерме және бөлшек сауда иелерімен ішкі нарықты қажетті азық-түлік тауарларымен үздіксіз және толық қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына қосылатын тауар үстемесін 10 пайыздан асырмай, бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Биыл қазан айының ортасынан бастап ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылуда, — дейді Т.Төлегенов.

Бүгінде қала әкімдігінің мамандарымен бірге учаскелік полиция инспекторлары шаруа қожалықтарын және қыстақтарды аралап, адам еңбегін заңсыз пайдалану мәселесі, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен мал ұрлығының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button