Денсаулық

6 адамнан коронавирус анықталды

24 қараша күні облыста коронавирус жұқтырған алты адам тіркелді.  Оның біреуі Мәртөк ауданынан болса, екі адам Қарғалы ауданынан және үш адам Ақтөбе қаласынан тіркеліп отыр. Облыста аурушаңдықтың өсу  деңгейі —  0,2%.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3462 жағдай тіркелді, оның 49%-ы ауру белгілерімен (1689) және 51%-ы симптомсыз (1773) жағдай. 3312 (97%) науқас жазылып шықты.   Ақтөбе қаласында 2462 адам ауырса,  Әйтеке би — 21, Алға — 96,  Байғанин — 57, Ырғыз — 54,  Қобда — 14, Қарғалы — 57, Мәртөк — 83, Мұғалжар — 172, Темір — 190, Ойыл — 21, Хромтау — 122, Шалқар ауданында 113 адам вирус жұқтырған. Жалпы тіркелген 3462 науқастың 3,3%-ы сырттан келген.   488 науқас ауру адаммен байланыста болған. Профилактикалық мақсатта тексерілгендердің саны — 995. Қазіргі таңда үй карантиніне 324 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button