Экономика

Жаңа жеңілдіктер, қосымша мүмкіндіктер

Қаржы

Қазақстан қор биржасы (KASE) мен ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі жеңілдіктерді бекітті, оған сәйкес IPO жариялаушы компаниялар бір жыл мерзімге жыл сайынғы листингтік алымнан, сондай-ақ осы акциялар бойынша жарты жыл мерзімге KASE комиссиясынан толық босатылады. Бұл шара қазақстандық компаниялар үшін инвестициялар тартудың қосымша мүмкіндіктерін ашады.

Бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруды шешкен компанияларға қолдау көрсететін бүгінгі таңдағы жеңілдіктер Қазақстан бизнесі үшін біршама тартымды қор нарығына шығатын жол ашады.

Егер бұрын Қазақстан қор биржасына (KASE) сауда-саттыққа қатысушыларды комиссиядан босату түрінде листингке кіру сәтінен бастап алғашқы 3 ай ішінде KASE алаңы арқылы бағалы қағаздарды орналастыратын компаниялар үшін жеңілдіктер көзделген болса, қазір бұл жеңілдіктер біршама кеңейтілді. Эмитент төмендегідей талап қойылған кездегі мерзімде кіру және алғашқы жыл сайынғы листингтік алымды төлеуден толық  босатылады:

1)     IPO нәтижелері бойынша тарту көлемі кемінде 1 000 000 АЕК баламасын құрайды, бұған акциялардың листингі күнінен бастап
6 күнтізбелік ай беріледі;

2)     IPO өткізген кезде осы акцияларды сатып алған инвесторлардың саны кемінде 50 құрайды;

3)     IPO қорытындылары бойынша еркін айналымдағы акциялардың саны осы акциялардың (ауыртпалықтан немесе тыйым салынудан, эмитент сатып алғанды қоспағанда)  жалпы орналастырылған санының кемінде 10 %-ын құрайды.

IPO-ға жіберілген 6 ай ішінде санамаланған талаптар орындалмаған жағдайда, компанияның KASE екі листингтік алымын да төлеуі қажет болатынын атап өткен жөн.

Бұдан басқа, егер осы акциялардың сауда-саттықтары бойынша KASE комиссиясы 1 есептік күнтізбелік жылға кемінде 2000 АЕК құраған жағдайда, акциялар бойынша жыл сайынғы листингтік алым ең төменгі деңгей — 100 АЕК-ға дейін төмендетілді.

Қор нарығы арқылы инвестициялар тарту бүгінгі таңда меншік капиталының мөлшері 51 мың АЕК және одан көп болатын орта және ірі компаниялар үшін біршама қолжетімді болып табылады, ал бағалы қағаздар (эмиссия) шығару компанияларға бірқатар басымдықтар береді..

Біріншіден, айтып өткеніміздей, бұл капиталдың қосымша ағыны, ол одан әрі даму мүмкіндігін береді. Мұнда оларды қайтару туралы міндеттеме қабылдамастан қаржы қаражатын тарту мүмкіндігін атап өтуге болады, өйткені тартылған инвестициялар компанияға құйылады. Қазақстан қор биржасына акциялардың листингі компанияларға шетелге орналастырмай-ақ шетелдік инвестициялар алуға жол ашады.

Алайда артықшылықты акциялардың шығарылымы кезінде компания пайда шамасына қарамастан тіркелген дивидендтер (пайыз) төлеу бойынша міндеттемелер алатынын есте ұстаған жөн. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер мөлшері жай акциялар бойынша дивидендтер мөлшерінен төмен болмайды.

Биржада баға кесілген компаниялар мәртебесінің маркетингтік құндылығы бар. Биржа тізіміне енгізілген компаниялар шеңберіне мүше болу – компанияның танымалдығын ұлғайту мүмкіндігі. Бұл, әсіресе, бұрын әртүрлі себептер бойынша өз жетістіктерін БАҚ-қа беру мүмкіндігі болмаған компаниялар үшін маңызды.

Биржада баға кесілген компаниялар біршама тиімді әрі үздік нәтижелерге қол жеткізеді. Эмиссияға дайындықтың өзі компания істерін негіздемелі түрде қайта қарауға және реттеуге, мысалы, стратегияны қайта анықтауға, ұйымдық құрылымды өзгертуге, корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуге және т.б. мәжбүрлейді. Компания клиенттер мен әріптестер үшін біршама ашық әрі сенімді болады.

Қор нарығына бағалы қағаздарды орналастыру және олардың одан әрі айналымы компанияның нарықтық бағасын анықтауға мүмкіндік беретінін жақсы жақтарына жатқызуға болады. Нарық тұлғасында қызмет тиімділігінің анық индикаторын алу мүмкіндігі бар.

Компанияның дамуындағы проблемалар, компания қызметін жүзеге асыратын секторды дамытудағы жағымсыз үрдістер туралы кез келген жаңалықтар акциялардың нарықтық құнына теріс әсер етуі мүмкін. Өз кезегінде, оң ақпарат инвесторлардың көңіл-күйіне жағымды әсер етеді және тиісінше акционерлік капиталдың нарықтық құнын арттырады

Қор нарығының мүмкіндіктері капитал тартумен ғана шектеліп қалмайды, сонымен қатар компанияның ішкі әлеуетінің өсуі үшін стратегиялық қадамдарда көрінеді. Көптеген жағдайларда, компаниялардың қор нарығына шығуы оның дамуының жаңа айналымы туралы куәландырады, бизнес-қауымдастыққа өсудің қажетті деңгейіне және байыпты перспективаларға қол жеткізуін көрсетеді. Эмитент компания өз клиенттері мен әріптестері үшін біршама ашық және инвесторлар үшін біршама тартымды болады.

Қосымша консультациялар алу үшін АӨҚО-ның тегін консультациялық желісіне мына телефон бойынша хабарласыңыз: 8 800 080 01 77.

Акция — оның иесінің, яғни акционердің дивиденд түрінде акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін алу, акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға және оны таратқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін алу құқығын бекітетін бағалы қағаз. Қазақстанда акцияларды акционерлік қоғамдар ғана шығара алады.

Делистинг — қор биржасының баға белгілеу тізімінен белгілі бір эмитенттің бағалы қағаздарын шығару. Делистингтен кейін эмитент компанияның бағалы қағаздары биржада сатылмайды, мұнда компания баға белгілеу тізіміне шығарылды.

Эмиссия компанияның акциялары немесе облигациялары түрінде бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың барлық кезеңдерін қамтитын рәсім.

Эмитент — бағалы қағаздарды айналымға шығаруды жүзеге асыратын компания.

А.МЫРЗАҒАЛИЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button