Пікір

Кәсіпкер қоғам пікірін ескеруі тиіс

Сергей ВИШНЯК,

«Динар-Электромаш» ЖШС басқарушы директоры, облыстық мәслихат депутаты:

— Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Бестамақ ауылындағы «Парижская коммуна – XXI» серіктестігіне қатысты көпшіліктің пікірін ескеріп, тексеріс қорытындысының нәтижесімен аталған серіктестік басшылығына шаруашылықтың бағытын өзгертуге немесе мүлдем жабу туралы талап қойылатынын айтқан болатын. Бұл талаптың қалай орындалатыны билік пен кәсіпкер арасындағы өзара шешімге байланысты болмақ. Мен бұл бағыттағы шаруашылықтың қалай жүргізілетінін білмегендіктен, оны қалай өзгерту керектігін, оның қандай мүмкіндіктері бар екендігін нақты айта алмаймын, сондықтан кәсіпкер облыс басшылығына өзінің дұрыс шешімін айтады деп ойлаймын.

Дегенмен, менің айтпағым — еліміздегі әрбір кәсіпкер мемлекеттік заңдардың — кәсіпкерлік туралы, экология туралы, басқа да заңдарды, құқықтық нормативтерді қатаң сақтай отырып жұмыс істеуге міндетті. Ал билік заңды белден басқан кәсіпкерлерді сол бұзушылықтарды дұрыстауын талап етуге құқылы. Сонымен бірге кәсіпкерлер өз кәсібін жүргізіп отырған жердің тұрғындарының, қоғамның пікірін ескеруі тиіс. Биліктің міндеті —  осы екі араны реттей отыра Президенттің ел алдына қойған мақсат-міндеттерін орындау.

Мұндай пікірлер қайшылығы орын алған тұста тараптар өз көзқарастарын салқын ақылмен емес, эмоционалды түрде айтуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда айтылған пікірлердің барлығын қисынды, саяси тұрғыда байсалды айтылған пікір деуге болмайды. Яғни қай тараптың да сөзінен ұлтқа бөлінушілікті, ұлтараздықты қоздыру ниетін іздеудің қажеті жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button