Жаңалықтар

Оқиға орнында 5 қызметкеріміз жүр 

Облыстық экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл: 

— 18 қараша күні әлеуметтік желілерде Бестамақтағы шошқа фермасының жұмысына қатысты наразылықтар жарияланды. Біздер оның барлығын көрдік, желі қолданушыларына департаментке жазбаша түрдегі арыздар түскенде ғана тексеру жұмыстарын жүргізе алатынымызды жеткіздік. Бір күннен соң бізге аталған арыз түскенде, 20 қарашадан тексерісті бастадық. Қазіргі таңда бұл жұмыстар жалғасып жатыр.

Экологиялық заңдылықтардың бұзылғаны көрініп тұр. Малдың ішек-қарнын жерге көмген. Басқа да заңбұзушылықтардың бар-жоғын анықтау үшін мамандарымыз тексеріп жатыр. «Бұлар Елек өзенін ластады» деген де шағым түсті. Судың сынамасы алынды. Жалпы, тексеру жұмыстары 10 жұмыс күніне созылады. Қазір оқиға орнында 5 қызметкер жүр.

Қорытындысын БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жариялайтын боламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button