Ауыл

«Сервистік әкімдік» ашылды

Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылында арнаулы кеңсе өз жұмысын бастады. Енді ауыл тұрғындары қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады. Жобаның басты мақсаты мемлекеттік қызметтердің халыққа қолжетімділігін арттыру және кедергісіз кеңістікті қалыптастыру.

«Сервистік әкімдік» жобасының өзі мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру, сол арқылы қызмет алушылардың уақытын, қаржысын үнемдеу үшін қолға алынған. Мұнда ауыл тұрғындары нақты уақыт режимінде өз өтініштері бойынша ұсыныстар мен жауаптар ала алады.  Азаматтарға мемлекеттік қызметтер түрлерін электронды түрде алуға арналған, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы қарастырылған. Қызметтерді электронды түрде көрсету тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ 

Басқа жаңалықтар

Back to top button