Жаңалықтар

Облыс әкімі бастамашыл топ мүшелерін қабылдады

Сенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Бестамақтағы бастамашыл топ мүшелерін қабылдады.

Жүздесу барысында бастамашыл топ мүшелері көпшіліктің ой-пікірлерін жеткізді. Облыс әкімі өтініштерді мұқият тыңдап, тиісті органдарға қысқа мерзімде және шұғыл іс-шаралар жүргізуді тапсырды. Қай мәселені болса да ашуға салмай, ақылға салып шешетін дәстүр бойынша бұл проблеманың да оңтайлы шешу жолдарын Оңдасын Сейілұлы жиналған өкілдермен бірге байыптап, ортақ бір мәмілеге тоқтасты.

Бұл жерде екі мәселе бар.

Біріншісі, қоршаған ортаға келтірген зиянды заттарды заласыздандыру, өтемақы төлеттіру және заң аясында жауапқа тарту. Бұнымен құқық қорғау органдары айналысуда, тиісті тапсырма берілді.

Екіншіден, көпшіліктің пікірін ескеріп, тексеріс қорытындысының нәтижесімен «Парижская коммуна-XXI» ЖШС басшылығына шаруашылықтың бағытын өзгерту немесе мүлдем жабу туралы талап қойылады.

«Бұл мәселенің шешілу мерзімін анықтауды арнайы мамандарға тапсырамын.

Шаралар барысы өзімнің жеке бақылауымда болады. Арнайы құрылған комиссия мүшелері күнделікті жұмыс барысын баяндап отырады», — деді облыс әкімі.

 

Н.ДАУЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button