Жастар

Жастар қалай патриот болады?

Дөңгелек үстел

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте «Патриотизм — ұлттық рухтың асқақ белгісі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.  Мақсат — жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыру.  Шараға Ақтөбе қаласы әкімнің орынбасары Сергей Ли, Астана және Алматы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының басшысы Ардақ Құмаров, қалалық мәслихат депутаты Серік Әліпов, ҚР запастағы әскери қызметшілер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қажымұқан Сәтенов қатысты. Дөңгелек үстел басына жиналғандар жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудегі өз ойларын айтты. Қажымұқан Сәтенов қала көшелеріне ілінген жарнама мәтіндеріне мұқият қарау керектігін айтып, көшелерге жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін  билбордттар мен баннерлер ілінсе деген тілегін жеткізді. Ал «Ауған соғысы ардагерлерінің ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Қойлыбаев жастарға бағыт беру аға буынның міндеті екенін айтты.

Бүгінде әскерден қашатын жастар көп. Тіпті әскерге барудың қажеті жоқ деп ойлайтындар бар.  Себеп неде? Жігіттердің әскерден безуге емес, соған баруға деген құлшынысын оятуымыз керек, — деді Марат Қойлыбаев.

Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Қабыл, «Боевое братство» одағының мүшесі Гумер Галиев, қалалық ғылыми әдістемелік орталығының әдіскері Серік Сраж және өзге де қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Олар Ақтөбе қаласында әскери патриоттық орталық ашылса екен деген ұсыныс айтты.

І.ҚҰТАНОВ,

Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі

біріктірілген басқарманың бөлім басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button