«Ауыл» партиясынан мәслихаттардың депутаттығына 654 кандидат тіркелген.

«Бүгін Мәжіліске ұсынылатын кандидаттардың барлығы сарапшылармен, өңір өкілдерімен, саяси кеңес, төралқа мүшелерімен талқыланып, қолдау тапты. Енді съезд қарауына ұсынылып отыр», – деді партия төрағасы Әли Бектаев.

«Ауыл» партиясы орталық аппаратының басшысы Қуаныш Сейітжанов осыдан кейін Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жария етті.

Олар:

1. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Қайрат Айтуғанов;

2. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті басқармасының жетекшісі Қарлығаш Аралбекова;

3. «Номад» шаруа қожалығының төрағасы Николай Арсютин;

4. Қазақстан журналистері кәсіподағының басшысы Зейін Әліпбеков;

5. «Зылиқа» шаруа қожалығының төрағасы Нұржігіт Бегалы;

6. «Астана» ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кооперациясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Зейнуллин;

7. ҚР Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы;

8. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің департамент директоры Әйгерім Көкеева;

9. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат;

10. «Инновациялық технологиялар академиясы» ЖШС-нің бас директоры Болатбек Қыстау;

11. ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Кенжеғали Машырықов;

12. Экономика, қаржы саласының білікті маманы Алмас Мұхаметов;

13. «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков:

14. Экономика және бизнес магистрі Айдар Саттаров;

15. ҚР БҒМ ҒМ Экономика институтының директоры Әзімхан Сатыбалдин;

16. «Мәміле» ауызекі қазақ тілі клубының негізін қалаушы Қанат Тасыбеков;

17. Экономика ғылымдарының докторы Рабиға Тоқсейітова;

18. «Әдемі-ай» компаниясының құрылтайшысы Бахаргүл Төлеген;

19. «Азимут» ЖШС директоры Валентин Хаданович.