Жаңалықтар

«Protecting business and investments» жобасы инвестор құқын қорғайды

Келісім

 ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында екі жылдан бері  «Protecting business and investments» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба «Ақтөбе — адалдық алаңы» қызметі шеңберінде атқарылуда.

Қазіргі таңда аталған жоба аясында шетелдік және жергілікті инвесторларды мемлекеттік органдар тарапынан туындайтын сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңсыздықтардан қорғау үшін 40 келісімге қол қойылған. Инвестиция көлемінің жалпы сомасы — 4,2 триллион теңге. Жоба басталғаннан бері департаментке  инвесторлардан 63 өтініш түсіп, тиісті шаралар қолданылған. Мәселен, инвесторлар елімізде инвесторлық виза алу, лицензиялар, жеңілдіктер алу, өзге елдерден жұмыс күшін тарту, сараптама беру, салық салу, кедендік баждар, мемлекеттік сатып алу рәсімдері, жер мәселелері бойынша жұмыс жүргізуде жоспардан тыс тексерулердің қиындық тудыратынын айтады. Мәселені шешу үшін бірнеше орган бірлесіп жұмыс жасауы керек. Осы ретте департамент пен  облыс әкімдігі арасында өзара тығыз қарым-қатынас орнаған.

Елімізде коронавирус инфекциясының таралуы кәсіпкерлерге де оңай тиген жоқ. Осы ретте «Protecting business and Investments» жобасы аясында департамент пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалы арасында өзара іс-қимыл келісімі жасалды. Келісім аясында инвестициялық жобалардағы проблемаларды шешу, әкімшілік кедергілерді анықтау, кәсіпкерлер тарапынан мемлекеттік органдар жұмысындағы заңсыз іс-әрекеттерге байланысты түскен арыз-шағымдарды қарау, ақпарат алмасу және бірлескен жұмыстарды насихаттау бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Protecting Business and Investments»  жобасы аясында мәселелер жедел және заң шеңберінде шешіледі.

Бүгінгі таңда облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке отандық инвесторлармен бірге Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Беларусь, Нидерланды, Швейцария, Словакия сияқты елдерден  40  инвестор сенім білдіріп отыр.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button