Басты бет » Денсаулық » 237 науқастың еміне 26,6 миллион теңге бөлінген

237 науқастың еміне 26,6 миллион теңге бөлінген

18 қараша — Дүниежүзілік өкпе қабынуына қарсы күн.  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы жыл басынан бері тыныс жолы ауруына шалдыққан 237 науқастың емделуіне 26,6 миллион теңге бөлген.

— Тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары динамикалық бақылау тізіміне енген. Денсаулық сақтау министрлігінің №666 бұйрығына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бірқатар дәрі-дәрмектер науқастарға тегін беріледі. Олардың қатарында индакатерол (ингаляцияға арналған ұнтақ), фенотерол гидробромиді + Ипратропия гидробромиді (ингаляцияға арналған ерітінді, ингаляцияға арналған аэрозоль), рофлумиласт таблеткалары және басқа да дәрілік препараттар бар, — дейді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Батырбек Нұрғалиев.

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы — қауіпті дерт, толық емделмейді. Бұл ауруға шалдыққан адам жиі жөтеледі, жөтелгенде қақырық түседі. Ауруға темекі шегетін адамдар жиі шалдығады. Сақтану үшін салауатты өмір салтын ұстану керек.

Кәмшат ҚОПАЕВА.