Экономика

«Ақберен» таксилері

2014 жылы құрылған «ANN Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысы Қанат Кереев биыл бизнес аясын кеңейтіп, такси қызметін ашты. Ол үшін кәсіпкер «Даму» қоры арқылы мемлекеттік қолдауға жүгінген.

«Даму» қорының Ақтөбе облыстық филиалының өкілі Бауыржан Даркуловтың айтуынша, кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жылдық 14%-дан 6%-ға дейінгі несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға және «Даму» қорының 50 пайыз көлеміндегі кепілдігіне ие болды.

— Жобаны «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ақтөбе қаласындағы филиалы қаржыландырды. Кәсіпкер қарыз қаражатына 60 автокөлік паркін сатып алды. Ал өзінің жеке қаражаты көлікке газбен жүру жабдықтарын орнатуға, көлік құралдарын, стикерлерді, рацияларды тіркеуге, жүргізушілерге арнайы киім сатып алуға және басқа да осы жобаға байланысты шығындарға жұмсалды, — дейді Б.Даркулов.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button