Жаңалықтар

Жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті…

Тәртіп

Жыл басынан бері халықаралық және республикалық маңызы бар Самара – Шымкент және Ақтөбе – Орынбор автожолдарында транзиттік жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы жиілеп кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. 

Бұл жолдарда 10 айдың қорытындысы бойынша  15 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 26 адам зардап шеккен. Осыған байланысты  жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары подполковник Айдос Құлжановтың басқаруымен патрульдік полиция қызметкерлері Жайсаң шекара бекетіндегі жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастады. Олар жүргізушілерден жолға шыққан кезде метеорологиялық жағдайларды ескеруді, жылдамдықты асырмауды, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды талап етіп, авариялық- қауіпті орындар көрсетілген жадынамаларды таратып жатыр.  Сондай-ақ, вирустық инфекцияның таралуы кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол бойындағы елді мекендерге бармауды, тек жол бойындағы кемпингтерде демалуға тоқтауды ескертуде.

М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button