Жаңалықтар

Ақтөбеліктерге заң төңірегінде тегін көмек көрсетіледі

19 қараша күні «ADAL KÓMEK» жобасы аясында белгілі адвокат және құқық қорғаушы Айман Умарова Ақтөбе облысының тұрғындары үшін ТЕГІН заңдық кеңес береді.

Қызықтырған сұрақтарды «WhatsApp» мессенджері арқылы 8-776-577-92-67 нөміріне «Ақтөбе үшін» деген ескертпемен алдын ала жолдау қажет.

Оффлайн форматындағы халықты қабылдау жұмыстары 19 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 10:00-12:00 аралығында Сәңкібай батыр даңғылы 249 мекенжайында орналасқан «Халықтық кеңсе» ғимаратында өтеді.

Ескеретін жәйт,  «WhatsApp» мессенджеріне келіп түскен сұрақтарға жауап «Facebook» әлеуметтік желісіндегі (Айман Умарова / Aiman Umarova) жеке парақшасында тікелей эфирде беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button