Әлеумет

Жылжымалы жәрмеңкенің өнімдері

Өткен сенбіде Алға қаласы мен Шұбарқұдық кентінде «Halyq Sayda» сауда желісінің жылжымалы жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде «СХФ Пригородный» шаруа қожалығынан жеткізілген  картоп, пияз, қырыққабат және сәбіздің келісі 85 теңгеден сатылды. Жергілікті тұрғындардың көкөніс өнімдеріне деген сұранысы жоғары болды. Екі жерде өткен жәрмеңкеде барлығы 20 тонна картоп, 3 тонна пияз, 1,2 тонна сәбіз, 1 тонна қырыққабат сатылыпты.

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация өкілдерінің айтуынша,  сондай-ақ жәрмеңкеде аудан тұрғындарына нарықтағыдан 10-15 пайыз төмен бағасына қарақұмық, күріш, қант, жұмыртқа, сұйық май, макарон өнімдері, ас тұзы ұсынылған. Атап айтсақ, бір келі қарақұмық 365 теңгеге бағаланса, күріш — 271 теңге, қант — 255 теңге, 1 санатты жұмыртқа — 340 теңге, тұз 43 теңгеден сатылған.

Корпорациясының тікелей қолдауымен жүзеге асырылған бұл әлеуметтік жобаның маңызы — пандемияға байланысты карантин уақытында табысы азайған тұрғындарға  азық-түлікті қолжетімді бағада сатып алуына жағдай жасау, — деді «Halyq Sayda» шағын көтерме сауда орталығының өкілі Аспандияр Есенжолов.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button