Басты бет » Жаңалықтар » Оқу полигондары жаңа оқу жылына дайындалып жатыр

Оқу полигондары жаңа оқу жылына дайындалып жатыр

Әскер

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында сапер жауынгерлер оқу-жаттығу полигондарын жарылмаған снарядтар мен әскери жарылғыш заттардан толық тазартуды жүзеге асырып жатыр.

Полигондарды жаңа оқу жылына дайындауға инженерлік бөлімшелер жұмылдырылған. Олар жеке қорғану құралдарымен, 0,6 метр тереңдіктегі жарылғыш заттарды табуға арналған заманауи мина детекторларымен, байланыс құралдарымен және жарылғыш заттарды тасымалдауға арналған арнайы көліктермен қамтамасыз етілген.

Іс-шара барысында барлығы 48 мың гектардан астам жер тазартылды. Бұл Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарында орналасқан «Оймаша», «Бейнеу», «Есет батыр» және «Қаработан» полигондарының аумақтары.

  • Тазарту жұмыстарының басты міндеті — жарылмаған оқ-дәрілерді жою, ол оқ-дәрілер істен шыққан. Бұл жаттығу сабақтары кезінде қауіпсіз жағдай жасау үшін қажет. Қауіпсіздік мақсатында барлық жарылғыш заттар детонация әдісімен табылған орнында жойылады, — дейді әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы капитан Нұржан Сапарбеков.

Полигондарды тазарту бойынша жоспарланған іс-шаралар шеңберінде полигон техникасына, жауынгерлік дайындық топтарының жабдықтарына маусымдық қызмет көрсету, полигон периметрін қазу, ескерту белгілерімен жабдықтау бойынша жұмыстар да жүргізіледі.

М.ТАБЫН.