Жаңалықтар

Күтімдегі көшеттер, түнгі шамдар

Аудан

Шалқар қаласының жалпы жер көлемі 62 мың 412 гектарды құрайды. Қалаға қарасты Мырзағұл Шыманұлы және Жомарт елді мекендері бар. Бүгінде халық саны 28 мыңнан асса, соның ішінде экономикалық белсенді тұрғындардың саны — 17 мыңнан астам.

Шалқар қаласының әкімі Тұрлан Төлегеновтің айтуынша, биылғы жылдың 9 айында 6 салық түрінен түскен түсім  59829,0 мың теңгені құрады.

Қыс мезгілінде қала көшелеріндегі қарды сыртқа шығару, автокөлік жолдарының уақтылы аршылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу жеңімпазы, жеке кәсіпкермен қаңтар, ақпан, наурыз айларына келісімшарт жасалынып, жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ биыл көктемгі санитарлық тазалық айлығында 160 көше, 25 шақырым автожол бойы, 45,5 шақырым Шалқар көлі жағалауы, екі гектар саябақ, «Алау» стадионы, Бауырластар зиратының екі гектар аумақтары тазартылып, 200 тонна қоқыс полигонға шығарылды.

  • Қаланың демалыс саябағына, көшелерге, қалада орналасқан мекеме аулаларына, барлығы 1000 дана көшет егілді. Санитарлық жасыл белдеу орнатуға және механикалық күтім жасауға, қаланың солтүстік теміржол өткел жағының 5 гектар жеріне қара сексеуіл отырғызуға «Үлкен-Борсық орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесімен келісімшарт жасалып, 1800,0 мың теңгеге қара сексеуіл егілді. Қаланың көркін келтірер 3000 дана гүл отырғызылды. Күзгі көгалдандыру жұмыстары бойынша 400 түп терек көшеттері егілді. Сондай-ақ Шалқар қаласы аумағында коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстарына 3742,20 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды, — дейді қала әкімі.

Биыл «АқтөбеСтройРемонт» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, қаладағы Әйтеке би  және Е.Көтібарұлы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар Достан би, Таушанов, Нұртаев, Шеңбертал көшелері мен Мөңке би көшесі мен Карагулин көшесі қиылысына дейін және Абай көшесіне асфальт жабындысы төселді. Түнгі жарықтандыру жабдықтары сатып алынып, қондырылуда. Биыл қала көшелеріне қосымша 82 дана түнгі шам қондырғылары орнатылды. Қазіргі таңда қаланың 160 көшесіне түнгі жарық үздіксіз беріліп отыр.

 А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button