Жаңалықтар

«Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы» Қаулысы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 07 шілдесіндегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 104 бабының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №130 «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57, 2020 жылғы 23 қазанындағы №58 және  2020 жылғы 02 қарашасындағы №62  қаулыларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы «МК Ақтөбе бөлімшесі» филиалының директорына, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына:

1.1. тыйым салуды жалғастыру:

– конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, спорттық (Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды, облыстық командаларды даярлауға арналған оқу-жаттығу жиындарын қоспағанда), сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде, митингтер, шерулер, жиындар және т.б.өткізуге;

– ойын-сауық мекемелерінің  (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), балалар ойын алаңдары және аттракциондар, жабық үй-жайлардағы, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметтеріне, оның ішінде лотерея ұтыстары;

– балаларды сауықтыру лагерлері қызметіне;

– кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

– фудкорт, банкет залдарының қызметіне;

– аквапарктердің жұмысына;

– бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы асхана жұмысына;

– қала саябақтарында, жағалауларында, скверлерінде балалар мен ересектерге арналған қозғалыс құралдарын (электромобильдер, педальды автомобиль, самокаттар, картингтер, пейнтбол, автодромдар, гироскутерлердің барлық түрлері және т.б.) жалға алуға.

1.2.демалыс (жексенбі) және мереке күндері мынадай шектеу шаралары жалғастырылсын:

– сауда-ойын-сауық орталықтарының, алаңы 2000 және одан да көп ш. м. сауда объектілерінің жұмысын тоқтата тұру, ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда;

– азық-түлік емес және азық-түлік сататын жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;

1.3. InfoKazakhstan.kz сайттан электронды форматта берілетін санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы актісі болған жағдайда және оны қоғамдық мониторинг жүргізу үшін объектінің кіре берісінде көрнекті жерде орналастырғанда қызметіне рұқсат берілсін. Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектісі InfoKazakhstan.kz сайтындағы объектінің паспортына үй-жайлардың келушілер мен толтырылуы туралы жоспарланған мәліметтерді енгізуін (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, осы қаулыдағы қосымшаларда айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес, жұмыс күндері сағат 10.00 – 20.00 дейін, сенбі күндері сағат 10.00 – 17.00 дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, объектіде келушілердің 30% – дан аспайтын және 1 келушіге – 4 м2сақтаған кезде СОО, сауда үйлеріне (бутиктер), сауда желілеріне;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес, жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00 – 18.00 дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, объектіде келушілердің 30% – дан аспайтын және 1 келушіге – 4 м2 сақтаған кезде «ашық ауадағы»азық-түлік және азық-түлік емес базарларына;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес,жұмыс күндері сағат 08.00 – 18.00 дейін, сенбі күндері сағат 08.00 – 17.00 дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, объектіде келушілердің 30% – дан аспайтын және 1 келушіге – 4 м2 сақтаған кезде жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларына;

– «ашық ауадағы» ауыл шаруашылық, мектептік және азық-түлік жәрмеңкелер күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отыра тек демалыс күндері сағат 09.00 – 18.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 7 және 16 қосымшаларына сәйкес, сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының және косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4м2), жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00 – 20.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23қазанындағы №57қаулысының 8 қосымшасына сәйкес, фитнес және спорттық-сауықтыру орталықтарының (алдын ала жазылу бойынша, объектіде келушілердің 50% – дан аспауы қажет, 1 келушіге 5м2), жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00 – 21.00 дейін;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 8-қосымшасына  сәйкес, 5 адамнан аспайтынжеке және топтық жаттығулар жүргізу үшін, көрермендерсіз, жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00 – 22.00 дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, меншік түріне қарамастан жабық спорт объектілеріне (спорт кешендері, спортмектептері, спортклубтары, жаттығу залдары);

– ашық ауада жеке және топтық жаттығулардың (5 адамнан артық емес, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулардың (30 адамнан артық емес, спорт базаларында тұру, денемен жанаспайтын әдіспендене қызуын өлшеу);

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23қазанындағы №57қаулысынның 16 қосымшасына сәйкес, қоғамдық моншалар (объектіде келушілердің 50% – дан аспауы қажет, 1 келушіге 4м2), жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00 – 22.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23қазанындағы №57 қаулысынның 16 қосымшасына сәйкес, сауналар (объектіде келушілердің 50% – дан аспауы қажет, 1 келушіге 4м2), алдын ала жазылу бойынша жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00 – 22.00 дейін;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 16-қосымшасына  сәйкес, бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы) жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00 – 22.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысынның 19- қосымшасына сәйкес, балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар және ересектер білім беру орталықтарының (топта 15 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша), жұмыс кестесін белгілей отырып сағат 10.00 – 21.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23қазанындағы №57 қаулысының 14 қосымшасына сәйкес, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезекші топтарының 15 адамнан аспайтын топтардың жинақталуын сақтаған кезде, жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс күндері сағат 08.00 – 18.30 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23қазанындағы №57 қаулысының 45 қосымшасы сәйкес, ашық ауадағы аттракциондардың (қашықтық, маскалар, ағынды реттеу) жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00 – 20.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 21 қосымшасына сәйкес, үй-жайлардағы және ашық ауадағы залда 50-дан аспайтын отыратын орындарды орнатумен қоғамдық тамақтану объектілерінің, отыратын орындары 50-ден төмен объектілерде толымдылығы есептік күшінің 50%-дан аспай жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00 – 00.00 дейін. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйленутойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады. Көрсетілген күндер мен уақытта жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге рұқсат етіледі;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысы талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10.00- 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-17.00-ге дейін, 50 отыратын орыннан аспайтын, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, сауда-ойын-сауық орталықтарында (жекелеген үй-жайларда) орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне;

– көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысын (оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналғанкофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00 – 22.00 дейін.

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 1 қосымшасына сәйкес, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс жасауда қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкерлер болғанда);

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 11, 17 қосымшаларына сәйкес, келушілерді 80%-нан асырмай толтыра отырып, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (қонақүйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) қызметіне;

– дәріханалар күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отыра штаттық режимде;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес, азық-түлік дүкендерінің, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00 – 22.00 дейін. Көрсетілген күндер мен уақытта жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге рұқсат етіледі;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 42 қосымшасына сәйкес, азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату бойынша дүкендердің жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00 – 20.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 13, 25, 28 қосымшаларына сәйкес, өнеркәсіптік және барлық қызмет түрлеріндегі өндірістік кәсіпорындардың жұмысын, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының қызметінің жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс күндері сағат 08.00 – 18.00 дейін, өзіндік жұмыс режимі орнатылған үздіксіз өндірістік циклі бар объектілерді қоспағанда.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын басшылары қызметкерлерін CОVID-19 анықтау үшін ПТР әдісімен зертханалық тексерілуге бақылауды қамтамасыз етсін және теріс нәтижемен шығуға/кіруге рұқсат берілсін.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлеріне ПТР әдісімен CОVID-19 анықтауға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі болған кезде вахталық кенттерге кіруді жүзеге асыру.

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 6 қосымшасына сәйкес, халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілерінің (автомобиль жуу, доңғалақ жөндеу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары) қызметіне жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00 – 22.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 10 қосымшасына сәйкес, халыққа қызмет көрсету объектілерінің (типографиялық қызмет, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, химиялық тазалау, кір жуу және т.б.) жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00 – 18.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 1 қосымшасына сәйкес, бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), айырбастау пункттері, ломбарттардың қызметіне жұмыс кестесін белгілей отырып сағат 10.00 – 20.00 дейін;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 10 қосымшасына сәйкес, ХҚКО online – режимде, нақты мемлекеттік қызметтерді online-режимде көрсетудің техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда – халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын сағат 09-00- 18-00 сағатқа дейін, Call орталықтарының жұмысын сағат 9.00-18.00 сағатқа дейін шектей отырып, оларды қатаң алдын ала брондау бойынша Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграмм-бот арқылы ұсынуды қамтамасыз ету;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 10 қосымшасына сәйкес, сағат 9.00 ден 18.00 дейін  және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын ұйымдастыруды;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 10 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз ету;

– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 15 қосымшасына сәйкес, қалаларда қоғамдық көліктің жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде (қауырт уақытта қоғамдық көліктердің желіге барынша шығуымен, отыратын орындардың саны бойынша қоғамдық көліктің толтырылуымен, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда санитайзерлерді орнату, жолаушылардың, жүргізушілердің және кондукторлардың бетперделерді міндетті түрде тағуы, соңғы  аялдамада автобустар салондарында жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып күнделікті өңдеу жүргізу (оқытылған персонал немесе мамандандырылған ұйыммен);

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 20-қосымшасындағы талаптарын сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимінде залды 30%-ға дейін толтырып, бірақ 100 адамнан асырмай, діни объектілерде ұжымдық құдайға құлшылық етуді, мешіттерде намаздарды (бес намаз), жұма намазын қоспағанда;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 9-қосымшасына  сәйкес, мәдениет нысандары (жеке, ұжымдық дайындықтар 30 адамнанаспау керек),  кітапханалар, мұражайлар жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00 – 18.00 дейін;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 9-қосымшасына  сәйкес, толықтырылуы 50% – дан аспайтын, бірақ залда 100 адамнан аспайтын, бетперде тағу тәртібін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып театрлардың жұмысына;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 9-қосымшасына  сәйкес, толықтырылуы 50% – дан аспайтын, бірақ залда 100 адамнан аспайтын, бетперде тағу тәртібін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып концерттік залдардың жұмысына;

– бетперде тағу тәртібін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлар;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 9-қосымшасына  сәйкес, жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00 – 00.00 дейін бетперде тағу тәртібін, шахматтық тәртіппен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты, 30% – дан аспайтын толымдылықты сақтай отырып жабық үй-жайлардағы кинотеатрлардың;

– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 15-қосымшасына  сәйкес, қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облыс ішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына;

– көрермендердің қатысуынсыз, бір мезгілде 100 адамнан асырмай жинақтай отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының талаптарын және  облыстың Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге;

– бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға.

1.4. қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата бетперделерін міндетті түрде тағу, мыналарды қоспағанда:

– бес жасқа дейінгі балаларға;

– қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақ ішкен жағдайда;

– әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жеке және топтық спортпен шұғылданатын адамдарға.

1.5. қамтамасыз ету:

– қоғамдық орындарға, оның ішінде қоғамдық көліктерде және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде тағу,  әлеуметтік қашықтық және антисептиктерді пайдалану талаптарын қатаң сақтауды;

– әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және жеке қорғану құралдарын пайдаланаотырып, қала бойынша, оның ішінде саябақтарда, скверлерде серуендеу кезінде үш адамнан аспайтын немесе бір отбасы мүшелерінің жүріп-тұруын шектеуді;

– 65 жастан асқан тұрғындардың қозғалысын шектеуді.

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына қамтамасыз ету:

2.1. шектеу, оның ішінде карантинді іс-шараларын енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды;

2.2. кәсіпкерлермен бұзушылықтарды уақытылы жою шараларын қабылдау мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды;

2.3. кәсіпкерлік субъектілерін шектеу, оның ішінде карантинді іс-шараларын енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтында орналастыруды; 

2.4. InfoKazakhstan электрондық порталының жұмысы іске қосылғаннан кейін, объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда бизнес объектілерінің қызметін қайта қосылуына арналған актіні электрондық беруді.

  1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына қамтамасыз ету: қызметіне рұқсат берілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда 2014 жылғы 05 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын.
  2. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының білім басқармасына, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне 2017 жылғы 16 тамызындағы №611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын сақтай отырып, жұмыс істеуін қамтамасыз етсін:

– 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;

– 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап ата-аналардың өтінішімен сыныптардың жинақталуын 15 баладан асырмай, жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптар бойынша, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқытуға;

– арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), жалпы интернаттар және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар;

– ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы орта оқу орындарында штаттық режимде, топтарда 15 студентке дейін.

  1. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшылары қамтамасыз етсін:

1) халықты кепілді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, сумен жабдықтау объектілерінің жұмысын бақылауды;

2) әкімшілік шаралар қабылдамай, халыққа берілетін судың сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті;

3) карантин режимінің сақталуын бақылау шеңберінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын азық-түлік дүкендері мен қоғамдық тамақтану ұйымдарын қадағалауды.

  1. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

6.1. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы халықты жаппай хабардар етуді;

6.2. Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.

  1. Ақтөбе облысының полиция департаментіне осы қаулы талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

10.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                          Н.А. Беркімбаева

Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 14 қарашадағы №ПГСВ-55

қаулысына қосымша

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі

1. «Ақтөбе облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамызындағы №ПГСВ-51 қаулысы;

2. «Ақтөбе облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамызындағы №ПГСВ-51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 қыркүйегіндегі №ПГСВ-53 қаулысы;

Басқа жаңалықтар

Back to top button