Мәдениет

Тату тірлік тамырлары

Мерей

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына және «Святло» поляк этномәдени бірлестігінің 20 жылдығына орай салтанатты шара өтті.
Шараға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Қоғамдық келісім» мекемесінің сарапшы-мамандары, облыстық ҚХА хатшылығы және «Святло» поляк этномәдени бірлестігінің өкілдері қатысты.
Салтанатты шараның шымылдығын «Оксана» украиндер этномәдени бірлестігі жанындағы «Барвинок» «үлгілі» балалар фольклорлы ансамблі қазақ биімен ашты. Одан әрі көрермендер назарына аталған бірлестіктің құрылу тарихынан сыр шерткен деректі фильм ұсынылды.
Бұдан соң «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Сәния Жарықова поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Елена Цибульскаяға облыс әкімінің арнайы құттықтауын жеткізіп, Алғыс хатын табыстады.
Одан әрі салтанатты шара «Святло» поляк этномәдени мүшелерінің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Айта кетейік, «Святло» поляк этномәдени бірлестігі 2000 жылы құрылды. Этномәдени бірлестіктің қызметі поляк мәдениетін, тілін дамытуға, сондай-ақ еліміздің жерін, салт-дәстүрлерін құрметтеуге бағытталған. Бірлестікте мемлекеттік тілді және поляк тілін үйретуге арналған жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Сондай-ақ бірлестік Нұр-Сұлтан қаласындағы Польша Республикасының Елшілігімен, Варшава қаласындағы «Память» поляк институтымен, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен тығыз байланыста қызмет атқарады.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button