Жаңалықтар

Ерлікті еске алды

Ақтөбелік полицейлер Ғазиз Байтасовты еске алды. Ғазиз Байтасов еліміздегі ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Халық Қаһарманы» атағына ие болған Қазақстандағы алғашқы полицей.

Тараз қаласында 2011 жылдың 12 қарашасында деструктивті діни ағымның жақтаушысы жасаған қылмыстардың салдарынан жеті адам қаза тапқан болатын. Оның бесеуі — құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сонымен бірге ішкі істер органдарының үш қызметкері жарақат алған-ды.

Жол полициясы басқармасы батальонының командирі капитан Ғазиз Байтасов қылмыскердің өзін-өзі жарып жіберуге дайындалып жатқанын көріп, ойланбастан оны денесімен жауып, ондаған адамның өмірін сақтап қалды.

Сол батырлық күннен бері 9 жыл өтті. Капитан Байтасов — әрбір полиция қызметкері мен қарапайым азаматтар үшін ерлік пен абырой үлгісі.

Саптық алаңда полицейлер батырды бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

 М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button