Ауыл

Сауыншының есебі

Еңбек

Елімізде жыл сайын алтын күздің қараша айында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің дəстүрлі мерекесі аталып өтіледі. Осы шақта дала еңбеккерлері жыл бойғы жиған-тергендерінің есебін алып, еңбектері сараланып, бас қосып, бір жасап қалады.

Сондай шаруалардың бірі қарғалылық Насиба Рахматова жастайынан еңбекке араласқан. Әкесінен ерте айырылған ол ес білгелі анасымен бірге таңмен таласа фермаға сиыр саууға баратынын ерекше жылылықпен еске алады. Сол бала кезде көрген-білгені Насиба Рахматоваға есейгенде пайдаға жарады. Бүгінде ол Ерлан Утегенов басқаратын «Қос-Естек» өндірістік ауыл щаруашылығы кооперативінде сауыншы болып еңбек етіп жүр. Шаруашылықтағы алты бас құнажынды баптап бағып, сауады. Осы

шаруашылықта былтыр 85 бас қашардан жыл бойына 1360 тонна сүт алынған. Қазіргі таңда 97 бас қашардан 1700 центнер сүт  алынып отыр.

— Еңбек ете білгенге қашанда ырыс-несібе өзі келеді. Осы ұжымға келгеніме ризамын. Мұнда 1 бақташы, 3 сауыншы еңбек етеміз. Бəрі де еңбек десе жанын салатын ауылдың қарапайым  адамдары. «Ана көрген тон пішер» дегендей, жастайымнан анамнан үйренгенімді бүгінде күнкөріске жаратып жүргеніме қуаныштымын, — дейді Насиба Раджабайқызы.

Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button