Жаңалықтар

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
11.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 8 жағдай тіркелді, оның ішінде Ақтөбе қаласында – 4 (жергілікті жағдай), 3 –Хромтау ауданынан, оның ішінде біреуі – РФ азаматы, Хромтау ауданында жұмыс істейді, 1-еуі – Шалқар ауданынан.Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,2% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3385 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1655) және 51%-ы симптомсыз (1730) жағдай. 3275 (96,7%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2422 жағдай, оның ішінде (1084 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 94 (76), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 50 (27), Мәртөк – 66 (34), Мұғалжар – 172 (124), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 116(62), Шалқар ауданы – 109 (62).
Жалпы тіркелген 3385 науқастың 2,9% (102) сырттан әкелінген, 13,7% (466) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 83,2% (2817) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,6% (969) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 333 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button