Ауыл

Тассайға ұялы байланыс жеткізіледі

 Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасына сәйкес Хромтау ауданының әкімі Нағымжан Алдияровтың қадағалауымен ауданға қарасты ауылдық округтерге ұялы байланыс тарту  жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Тассай ауылдық округі — ұялы байланысы жоқ санаулы өңірлердің бірі. Бұл ауыл ойпатта орналасқан.  Жуықта жергілікті тұрғындар әкім есебінде көтерген ұялы байланыс мәселесі шешімін тапты.

Жергілікті бюджет қаржысына Тассай ауылына биіктігі 40 метрлік  баған (мачта  — авт.) орнатылып, монтаждық жұмыстары аяқталды.

Ауыл тұрғындары өңір басшысына алғыстарын білдіріп, бұл мәселенің оңтайлы шешілгеніне қуанышты.

Мамандардың айтуынша, жақын аралықта бұл бағыттағы жұмыстар толығымен аяқталады. Содан кейін тассайлықтар ұялы байланысты еркін қолданатын болады.

Ләззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button