Денсаулық

Қор қаржысы қайда жұмсалды?

Коронавирус инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу, сондай-ақ COVID-19-дың таралуын болдырмау мақсатында жұмыс жасаған медицина қызметкерлерінеүстемеақы төлеу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 154,7 миллиард теңге бөлді. Наурыз және қыркүйек айларының аралығында сақтандыру қоры 135,6 миллиард теңге жұмсады. Қаржының басым бөлігі, яғни  81,3 миллиард теңге  эпидемияғақарсыіс-шараларғатартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы ретінде берілді. Ал провизорлық және карантиндік стационарда жатқандардың емі үшін 24,5 миллиардтан астам қаражат жұмсалған. Амбулаторлық және стационарлық жағдайда емделгендер үшін 18,8 миллиард теңге бөлінген. Үйде көрсетілген қызметтерге 9 миллион теңге, мобилді бригадаларға 1 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталған. Себебі әр шақырту үшін 5400 теңге жұмсалады. Үш айда 190 мыңнан  астам шақырту болған. Егер науқастың өкпесінің зақымдануы отыз пайыздан аспаған болса, үйден ем алуға болады. Күн сайын учаскелік дәрігерлер науқастың жағдайын бақылап, қоңырау шалып отырады. Егер жағдайы нашарласа, ауруханаға жатқызылады. Бұл қызмет түрі шілде айынан бастап іске қосылды. Елімізде үш мыңнан астам бригада құрылған.

ПТР диагностика жүргізуге 19 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Наурыздан қыркүйекке дейін жүргізілген тестілеуге қор 10,7 млрд теңге төледі. ПТР-тестілеуден еліміздің стационарларында 222 024 адам өтті.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button