Денсаулық

107 579 адам екпе алды

Биыл тұмауға қарсы екпе алу науқаны ерте басталды. Эпидемиологиялық маусымда  88639 адамды қамту көзделген. Биылғы эпидемиологиялық маусымға  жергілікті бюджеттен 68 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржыға 98 436 доза Ресейдің «НПО Петровакс Фарм» акционерлік қоғамы өндірген үш валентті «Гриппол® плюс»  вакцинасы сатып алынған.  Екпені алты жастан жоғары балаларға салуға болады. Вакцинаны алғаннан кейін оның қорғаныс әсері 8-12 күннен кейін пайда болып, 12 айға созылады.

Қазір тұмауға қарсы вакцинация аяқталды. Облыс тұрғындарының 12 пайызы, яғни 107 579 адам екпе алды. Оның ішінде 79108 адам қауіпті топқа кіреді. Ал жұмыс берушілер есебінен және өз еркімен екпе алғандардың саны — 28 489.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button