Ауыл

Ақбас сиыр өсірген шаруа

Соңғы жылдары ауданда төрт түлікті көбейтіп, ауыл шаруашылығына бет бұрған еңбеккерлердің қатары артып келеді.

Мұғалжар ауданы Құмсай ауылының тұрғыны,  «Қайыңдыбұлақ» шаруа қожалығы басшысы Қайрат Дарқұлов мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін ұлғайтып отыр. Қожалық иесі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында төмен пайызбен 125 млн теңге несие рəсімдеп, Башқұртстаннан 192 ірі қара сатып алып, бүгінгі таңда сиырдың етті тұқымын көбейтіп отыр.

Мал баққан соң, қазақтың ақбас сиырын өсірген тиімді екенін  білетін шаруа алдағы уақытта 180 млн теңгеге асылтұқымды 277 сиыр сатып алмақшы.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button