Ауыл

Төрт түлектің «сәтті қадамы»

Демеушілік

Батпақкөл ауылдық округінің мектеп бітірген екі түлегі «Урихтау оперейтинг» ЖШС-ның  демеушілігімен жоғары оқу орнына тегін оқуға мүмкіндік алды.

Ауыл әкімі Мейрамбек Боқашев 2019 жылдың қазан айында «Урихтау оперейтинг» ЖШС мен ауыл әкімдігі меморандумға отырғанын айтады. Меморандумға сәйкес Nur Otan партиясының «Сəтті қадам» жобасы аясында округ мектебінің 4 түлегіне еліміздегі кез келген университеттің мұнай саласы мамандығына тегін оқуға мүмкіндік берілген.

Ниет білдірген 4 талапкердің екеуі мемлекет грантына ие болды. Екеуі Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетте тегін білім алуда. Атап айтсақ, Бекасыл Исаев «Электроэнергетика», Дилназ Қойшыбай «Мұнай ісі» мамандығында оқып жүр, — дейді ауыл әкімі.

Жандос АБАЙҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button