Басты бет » Жаңалықтар » Коммунистер енді Қазақстанның халық партиясы деп аталады

Коммунистер енді Қазақстанның халық партиясы деп аталады

Қазақстан коммунистік халық партиясының атауы өзгеріп, ребрендинг жасалды. Енді ҚКХП «Қазақстанның халық партиясы» деп аталатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз биыл партиямыздың атауын өзгертіп, ребрендинг жасауды жөн көрдік.
Бүгінгі партияның кезектен тыс XV съезінің басты жаңалығы, біздің партиямыздың атауының «Қазақстанның халық партиясы» болып өзгеруі.
Бұл дегеніміз коммунистік идеологиядан кету деген сөз емес, біздің еліміздегі әлеуметтік мәселелерге көп мән беруімізбен байланысты.
Еліміздегі шешілуі тиіс мәселелердің көбі әлеуметтік саламен байланысты.
Тағы бір партия мүшелерінің қатарын кеңейту, бағдарламамыздың аясын кеңейтуді көздейміз. Сондай-ақ, біз партиялардың қатарында жоқ, бірақ өзіндік идеялары бар азаматтарды өз партиямызға шақырамыз», – деді ҚКХП-ның хатшысы Жамбыл Ахметбеков.
Айта кетейік, елордада Қазақстан коммунистік халық партиясының кезектен тыс XV съезі өтіп жатыр.