Жаңалықтар

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

10.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 7 жағдай тіркелді, оның ішінде Ақтөбе қаласында – 5 (жергілікті жағдай), 2 – Мәртөк ауданына сырттан әкелінген (РФ-дан келген). Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,2% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3377 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1652) және 51%-ы симптомсыз (1725) жағдай. 3272 (96,9%) науқас жазылып шықты.

Ақтөбе қаласында – 2418 жағдай, оның ішінде (1080 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 94 (76), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 50 (27), Мәртөк – 66 (34), Мұғалжар – 172 (124), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 113(61), Шалқар ауданы – 108 (62).

Жалпы тіркелген 3377 науқастың 2,9% (101) сырттан әкелінген, 13,7% (464) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 83,2% (2812) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,5% (965) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 378 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button