Жаңалықтар

Жәрмеңкеде 16 тонна картоп сатылды

Өткен сенбіде Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе», Қызылжар, Қарғалы елді мекендері тұрғындарының сұрауымен Алматы ауданы әкімдігінің алаңында  «HALYQ SAÝDA» сауда желісінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.   

Бұл күні «СХФ Пригородный» шаруа қожалығының өнімдері — картоп, қырыққабат, пияз бен сәбіздің келісі 80 теңгеден сатылса, орынборлық «Рябушка» кәсіпорны ұсынған 1С санаттағы жұмыртқаның 10 данасы 340 теңгеден ұсынылды.

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мамандарының айтуынша, жәрмеңкеде ет өнімдері де мейлінше төмен бағада көпшілікке ұсынылған. «Ақтөбе Ет» сауда белгісімен келісі 1600 теңгеден сатылған сиыр етіне сұраныс жоғары болды.

Сол күні  жәрмеңкеде  16 тонна картоп, 1,5 тонна сәбіз, 1 тонна қырыққабат пен пияз, 500 келі ет сатылды.

«HALYQ SAYDA» —  «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан  әлеуметтік сипатқа ие жоба. Аталған жобаның мақсаты —  облыс тұрғындарын қолжетімді азық-түлікпен қамту.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button