Жастар

Жас отбасылар кеңес алды

Қала жастарының бастамаларын қолдап, оларға кез келген бағытта ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетіп жүрген қалалық жастар ресурстық орталығы қашанда игі істің бел ортасында. Бұл жолы да орталық мамандары жас отбасыларда кездесетін қиындық пен мәселенің алдын алу үшін арнайы шара ұйымдастырды.

«Анаға тағзым» орталығында өткен «Отбасы бақыты» тақырыбындағы семинар-тренингте отбасы құндылықтары, баспаналы болудың тиімді жолдары, шаңырақ шаттығын сақтап қалудың әдістері туралы айтылды. Әр отбасындағы түйткілді мәселені шешіп, оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға заңгер, психолог, теолог, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен дағдарыс орталығының мамандары шақырылып, жас отбасы мүшелеріне жан-жақты кеңес берді.

Шара барысында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» өкілі Мақсат Заитов баспана сатып алу үшін қандай мемлекеттік бағдарламалар барын және мемлекеттік бағдарламалардан тыс қандай мүмкіндіктер қарастырылғанын айтып берді.

— Біздің орталыққа түрлі мәселесін айтып келетін жастар бар. Әсіресе, баспаналы болудың тиімді жолдарын сұрап келетіндер қатары көп. Осы және өзге де сұрақтарға мамандардың өздері жауап берсін, жастар да көкейдегі сұрақтарын тікелей қойсын деген мақсатта бұл шараны ұйымдастырған болатынбыз. Семинар-тренингтің өтетіні туралы әлеуметтік желілерде хабарланды. Шараға 12 отбасы мүшесін шақырдық. Семинар барысында әлеуметтік арақашықтық міндетті түрде сақталады, — деді қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Ақбаян Әбішова.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button