Жаңалықтар

Праймериз — жастар үшін жаңа мүмкіндік

Құрметті ақтөбеліктер!

Біз биыл праймериз арқылы Nur Otan партиясының (аудан, облыс мәслихаттары және Мәжіліс Парламенті) депутаттарын таңдаудың жаңаша үлгісін көрдік.Бұл тың идея маған  ұнады. Өздеріңіз білетіндей, бұл жаңа науқанға мен де қатысқанмын. Сондықтан алдымен маған қолдау көрсеткен барша жандарға шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, праймеризде бақ сынаған әріптес-қатысушыларға ел дамуына ұсынған батыл идеялары үшін алғысым шексіз.Мәселенің шешімін бірге табуға мүмкіндік берген тартысты, қызықты және өзекті пікірсайыстар үшін рақмет!

Жалпы праймериз өңірімізде көптеген прогрессивті, бастамашыл, өз өлкесіне жаны ашитын және қоғамға қызмет етуге дайын жастардың бар екенін көрсетті.

Праймеризде жеңу менің негізгі мақсатым болмады. Ең бастысы, ел дамуы жолына жаңа леп әкелетін, жаңаша ойлайтын лайықты партияластарымды кезіктірдім. Осы орайдамен праймеризге қатысуды одан әрі жалғастырмаймын деп шешім қабылдадым.

Өйткені қазір менен де лайықты жастар көп. Елбасы атап өткендей, праймериз жастар үшін жаңаша «әлеуметтік баспалдаққа» айналуы тиіс.

Облыс әкімінің орынбасары ретінде қызметімді жалғастыра отырып, елімізді дамыту мен көркейту жолында сіздермен бірге одан әрі жұмыс істеймін.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат БЕКЕНОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button