Жаңалықтар

Делегаттар сайланды

«Құрмет»бастауыш партия ұйымынан Nur Otanпартиясының қалалық конференциясына делегаттар сайланды. Оған бастауыш ұйымдардың 600-ден астам мүшесінің 80 пайызы онлайн форматта қатысты.

«Құрмет»бастауыш партия ұйымының басқосуында Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің директоры Серік Қорықбаев конференцияға делегат ретінде Ералы Нұрғалиевты ұсынып, оның іскер ұйымдастырушы, қабілетті басшы және белсенді партия мүшесі екенін атап өтті. Ал облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі Меруерт Жұбандықова Қанат Бердіғалиевті қолдады. Осылайша қалалық конференцияға екі делегат көпшілік дауыспен сайланды.

Алдағы мәслихаттар сайлауының алғаш рет партиялық тізім бойынша өтуі саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етіп, партиялардың жұмысын жандандыра түсері сөзсіз. Сондай-ақ партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін квота енгізілуі Парламент пен жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы болып отыр. Сондықтан алдағы сайлауға бастауыш партия ұйымы мүшелері үлкен жауапкершілікпен атсалысатынына сенімдімін. Жалпы «Құрмет» бастауыш ұйымы мүшелері Елбасы саясатын және партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, сондай-ақ еліміздің қоғамдық саяси өміріне белсене араласып келеді,— дейді бастауыш партия ұйымының төрайымы Нұргүл Әбішева.

Айта кету керек, өткен аптада мұндай жиындар «Ақбұлақ», «СНСП-Ақтөбемұнайгаз», «Қазақстан темір жолы», «Болашақ», «Мәдениет», т.б. бастауыш партия ұйымдарында өткізілді. Аталған ұйымдардың әрқайсысықалалық конференцияға 2 делегаттан сайлады.

Бүгінгі күні облыста 30 мыңнан астам нұротандықты біріктіріп отырған 211 бастауыш партия ұйымы бар. Оның 31-і — Ақтөбе қаласында.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button