Жаңалықтар

Тағы 6 адам тіркелді

5 қараша күні облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған алты адам тіркелді.  Науқастардың үшеуінде ауру белгісі білінбеген.  Екі адам Ақтөбе қаласынан болса, үшеуі Қарғалы ауданынан, бір науқас Хромтау қаласынан тіркелген.

Аурушаңдықтың өсу  деңгейі —  0,2%.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3347 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1638) және 51%-ы симптомсыз (1709) жағдай. 3249 (97%) науқас жазылып шықты.   Ақтөбе қаласында 2401 адам ауырса,  Әйтеке би — 20, Алға — 94,  Байғанин — 57, Ырғыз — 54,  Қобда — 14, Қарғалы — 39, Мәртөк — 64, Мұғалжар — 172, Темір — 190, Ойыл — 21, Хромтау — 113, Шалқар ауданында 108 адам вирус жұқтырған. Жалпы тіркелген 3347 науқастың 2,8%-ы сырттан келген.  Қазіргі таңда үй карантиніне 278 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button