Денсаулық

Көрші облыс тұрғындары Ақтөбеде емделуде

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының мәліметінше, жыл басынан бері көрші облыстардың 5 635 тұрғыны Ақтөбеде емделген. Оның ішінде 4 962 адамға шұғыл көмек көрсетілген. Арнайы жоспар бойынша  Ақтөбеге емделуге келгендердің саны — 673  адам.

— Биыл тегін медициналық көмек аясында 63 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Соның ішінде 27 жеке емдеу мекемесі бар. Бір айта кетерлігі, көрші облыстардың тұрғындары Ақтөбеге көп келіп жатыр. Оның ең басты себебі —  біздің медицинаның сапалы болуы, —  деді облыстық филиалдың бөлім басшысы Алмагүл Сержанова.

Он айдың ішінде Ақтөбе медицина орталығы өзге облыстан келген 528 адамды емдеген. Ал жеке емхана болғанымен, мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсететін «Дару» клиникасы 90 адамды тегін қабылдаған.

Науқастар өздерінің алғыстарын хат арқылы да білдіріп жатады. Сондай тұрғынның бірі —  Р.И.Асаинова. Ол Павлодар қаласынан келіпті. Орталықтың жоғары санатты дәрігер Ғалымжан Әубәкіров ота жасаған. Ота сәтті аяқталып, емделуші үйіне қуанышпен оралған. Осыны айтып тұрғын Павлодардан хат жазыпты. Жалпы, өзге облыстан келетін тұрғындар ақтөбелік дәрігерлерге дән риза.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button