Жаңалықтар

Жылыту маусымы бақылауда болады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында өңірдегі жылыту маусымының өтуіне байланысты мәселелер талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов тұрғындар қатты отын пайдаланатын елді мекендерді үнемі қадағалап және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет деп есептейді.

Оның айтуынша, облыстың аудандарында модульді қазандықтар салу және талапқа сай емес қазандықтарды алмастыру шаралары қабылдануда. Сонымен қатар өрт сөндіру бекеттерін салу мәселесі да шешілуде.

Облыс басшысы Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері осы жайларды үнемі бақылауда ұстап, жылыту маусымы кезінде коммуналдық желілердегі техникалық бұзушылықтарды жою шараларын жедел қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ жиында өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәселе де қаралды.

Жағдай тұрақты, алайда облыс басшысын халықаралық жүк тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері алаңдатады. «Жайсаң» көлік бекетінде Түркістан облысының екі тұрғыны мен РФ азаматынан ПТР-тесттің оң нәтижесі анықталды. Олар тұрғылықты жерлері бойынша ем қабылдайтын болады. Алысқа қатынайтын көлік жүргізушілерінің өңір тұрғындарымен байланысуына жол бермеу үшін іс-қимыл алгоритмін әзірлеу жоспарланып отыр. Соған сәйкес тасымалдаушылар өңірдің аумағынан шығып кеткенше, арнайы қызмет мамандары еріп жүретін болады.

Облыс басшысы жергілікті әкімдік, полиция және тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменттерінің өкілдеріне көлік өтетін жерлердегі бақылау жұмысын күшейтуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button