Жаңалықтар

3 жастағы бала коронавирус жұқтырды

Соңғы екі күнде облыста коронавирус жұқтырған 10 адам тіркелді. 3 қазан күні тіркелген бес адамның бірі — үш жастағы бала. Науқастардың барлығы да Ақтөбе қаласының тұрғындары. Аурушаңдықтың өсу  деңгейі — 0,1%.

Үш жастағы балада ауру белгісі байқалмаған. Қазір жағдайы қанағаттанарлық. Үй карантиніне алынған.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3335 адам  тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1631) және 51%-ы симптомсыз (1704) жағдай. 3242 науқас жазылып шықты. Тіркелген 3335  науқастың 2,8%-ы сырттан келген.  449 науқас ауру адаммен байланыста болған. Профилактикалық мақсатта тексерілгендердің саны — 958. Қазіргі таңда үй карантиніне 253 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің  мамандары облыс тұрғындарын коронавирус инфекциясының алдын алу үшін мерекелік, отбасылық шараларды тоқтата тұру керектігін және бетперде тағу, қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану,  әлеуметтік дистанцияны сақтау талаптарын орындауға шақырады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button