Жаңалықтар

Марапат енді тапсырылды

Үздік ауыл әкімі

 «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының жүлдегері Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазбек Аққайыр марапатталды.

Биыл алғаш рет өткізілген байқауға қатысқан Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазбек Төлеуханұлы облыстық іріктеу кезеңінде топ жарып, республикалық кезеңде Ақтөбе облысының намысын қорғап, екінші орыннан көрінген болатын.

Жүлделі орынға ие болған Талдысай ауылдық округінің әкімін ауданға келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мейрамгүл Бибитова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанованың грамотасын тапсырды.

Жандос АБАЙҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button