Жаңалықтар

Айзере — олимпиада жеңімпазы

«Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» қоғамдық бірлестігі мен «Smart Kids» халықаралық ғылыми-шығармашылық журналының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында онлайн форматта өткен «IQ Оlimpiada-2020» атты ІІ республикалық пәндік олимпиадасында Благодар орта мектебінің 2-сынып оқушысы Айзере Есеналина математика пәнінен жүлделі І орынды жеңіп алды.

Аталған олимпиадаға Благодар орта мектебінен оннан астам бала қатысқан. Айзере білім додасында логикалық сауалдарға жауап беріп, жақсы нәтиже көрсеткен.

Кішкентайынан зерек Айзеренің математика пәнінен қабілетті екенін аңғарған сынып жетекшісі Майра Сейтенова оның республикалық жарысқа қатысуына қолдау білдірген. Осылайша дарынды жас республика көлемінде өткен олимпиадада жеңіске жетіп, ұстаздары мен ата-анасын қуантты. Біз де Айзерені жетістігімен құттықтап, сәттілік тілейміз!  

 Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button