Денсаулық

233 адам үй карантиніне  алынған

1 қазан күні облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам тіркелді. Оның үшеуінде аурудың белгісі байқалмаған. Ал аурудың симптомдары байқалған тұрғын науқас адаммен қарым-қатынаста болған. Дене қызуы көтеріліп, тұмау белгілері байқалған соң дәрігерге қаралған. Диагностикалық ПТР зерттеулерінің қорытындысы тұрғынның індет жұқтырғанын көрсеткен. Науқастардың барлығы Ақтөбе қаласының тұрғындары.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3325 адам  тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1627) және 51%-ы симптомсыз (1698) жағдай. 3236 науқас жазылып шықты.

Ақтөбе қаласында 2391 адам ауырса,  Әйтеке би — 20, Алға — 94,  Байғанин — 57, Ырғыз — 54,  Қобда — 14, Қарғалы — 33, Мәртөк — 60, Мұғалжар — 172, Темір — 190, Ойыл — 21, Хромтау — 111, Шалқар ауданында 108 адам вирус жұқтырған. Жалпы тіркелген 3325  науқастың 2,7%-ы сырттан келген.  447 науқас ауру адаммен байланыста болған. Профилактикалық мақсатта тексерілгендердің саны — 952. Қазіргі таңда үй карантиніне 233 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button